Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет мамандары 18-20 қарашада ауа райы қандай болатынын болжады.

Синоптиктер мәліметінше, 18-19 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, қар жауады. Кей жерде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел болуы мүмкін.

20 қарашада республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды, алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында циклонның ықпалынан қайтадан жаңбыр мен қар жауады.

Қазақстанның батысында түнде 0…-5°C-тан -5…-10°C-қа дейін аяз, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта -5…-15°C-тан -15…-25°C-қа дейін аяз болады.

Оңтүстік өңірлерде -5…-13°C-тан -8…-16°C-қа дейін аяз, шығыста -2…-10°C-тан -15…-25°C-қа дейін аяз болады.

Нұр-Сұлтанда 18 қарашада қар жауады, түнде -18°C, күндіз -5°C. 19 қарашада күн бұлтты, түнде -22°C, күндіз -11°C болады.

20 қарашада күн ашық, түнде -12°C, күндіз -7°C болады.

Алматыда 18 қарашада қар жауады. Ауа температурасы түнде -5°C, күндіз -1°C.

19 қарашада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -5°C, күндіз +1°C көрсетеді.

20 қарашада күн ашық болады, түнде -8°C, күндіз +4°C жылы.

Шымкентте 18 қарашада күн ашық, түнде -5°C, күндіз +3°C болады. 19 қарашада күн бұлтты, түнде -6°C, күндіз +4°C көрсетеді.

20 қарашада күн ашық, түнде -5°C, күндіз +8°C жылы болады.

Тағы да оқыңыз: