**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/)**[.](https://kyzylorda-news.kz/) **Алдағы тәуліктерде Қазақстанда күн жылы болады.**  Ауа температурасы солтүстік аймақта климаттық нормадан 5…10°С-қа жоғары, оңтүстікте  нормаға жуық және одан 2…4°С-қа жоғары болады. Республика арқылы өтетін атмосфералық фронттар әсерінен солтүстік және шығыс облыстарында бұрқасын мен қар, оңтүстік облыстарында жылбысқы қар жауады. Күндіз сынап бағанасы 0, минус 8°С, оңтүстікте плюс 3…минус 5°С шамасында суықты көрсеткендіктен, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, көру қашықтығы 500 м-ден төмен тұман түседі.