Kyzylorda-news.kz. Алдағы күндері жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
“Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғыдай антициклон сілемі өз әсерін сақтайды, осыған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек батыста, кезеңнің соңында, елдің солтүстік-батысында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаяу бұрқасынмен қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, батыста желдің күшеюі күтіледі”, – делінген ауа райы болжамында.
