Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Антициклон Қазақстанның басым бөлігінде қысқа мерзімге күннің суытуына ықпал етеді.

«Республиканың оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен, екпінді желмен қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Түнгі сағаттарда солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында термометрдің сынап бағаналары 0℃-тан төмен түседі. Алайда кезеңнің соңына қарай оңтүстік тропосфералық ағындармен республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауы күтіледі», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: