Kyzylorda-news.kz. 16-18 сәуір күндері республиканың батыс бөлігіне ғана солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді, соның салдарынан жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейеді.
Еліміздің батысында ауа температурасы күндіз 12-20 градустан 15-25 градусқа дейін көтеріледі, солтүстік-батыста түнде 0-12 жылудан 0-5 аязға дейін төмендейді. Солтүстікте түнде 5-12 градустан 0-5 градусқа дейін төмендеп, оңтүстік-шығыста 5 градус жылы болады.
Республиканың орталығында 2-7-ге дейін шамалы көтеріліп, еліміздің шығысында түнде 2 градус аяздан 0-8 жылыға дейін көтеріледі.
Күндіз температураның негізгі фоны 15 градус жылы болады.
Оңтүстікте күндіз 23-32 жылы болады. Оңтүстік-шығыста күндіз 22-30-дан аздап көтеріледі.
Таулы аудандарда 18 жылыдан 25-32 жылыға дейінгі аралықта, таулы аудандарда 20 градус жылы болады.
