Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 30 қаңтар – 1 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады.

«Қазақстанда қар жауу мен бұрқасынның көптен күткен тоқтатылуы республикаға Оралдан кеңейтілген суық антициклонның ығысуымен байланысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз, қаңтар айына тән солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнгі аяздармен 25-30 градус, кей жерлерде 35 градус күтіледі», – делінген хабарламада. 

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 5-10 градус, кей жерлерде 13-22 градус аязға дейін суытады. Ал батыс облыстарына жылы атмосфералық фронттар ығыса бастап, жаңбыр, жылбысқы қар және ауа температурасының күрт жоғарылауы күтіледі.

Тағы да оқыңыз: