Kyzylorda-news.kz. Қазақстан бойынша 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайтын болады. Жауын-шашынмен (жаңбыр, қар), солтүстік жартысында жаяу бұрқасынмен ауа райының нашарлауы, сондай-ақ көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады», – делінген хабарламада.

Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік жартысына орталығы Түрікменстанның үстінде орналасқан антициклон жотасы әсер етеді. Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температуралық фонның ауытқуын тудырады.

Тағы да оқыңыз: