Kyzylorda-news.kz.  Салқын атлантикалық антициклон шығысқа қарай баяу жылжып, елдің басым бөлігінде өзінің ықпалын сақтап қалады, деп хабарлады Қазгидромет.

“Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында сынап бағанасы 1-9 градусқа дейін төмендейді. Батыста атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді”, – делінген хабарламада.

Бейсенбі күні астанада түнде +3, күндіз +8 градус болады. 24 қыркүйекте түнде плюс екі градус, күндіз +8 градусты көрсетеді. Сенбі күні таңертең -2°C, күндіз +12°C.

23 қыркүйекте Алматыда сынап бағанасы түнде +14, күндіз +22 градусты көрсетеді. Ал жұмада түнде +11, күндіз +19°C, күн ашық. 25 қыркүйекте де дәл осындай ауа райы сақталады.

Тағы да оқыңыз: