Kyzylorda-news.kz. «Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағының» басшысы Қайрат Бисетаев бағаның өсуін былай деп түсіндірді.

Айтуынша, өнеркәсіптік картоп шаруашылығы Қазақстанның солтүстігінде және солтүстік-шығысында орналасқан. Шаруалар халықты шілденің ортасынан сәуірге дейін картоппен қамтамасыз етеді. Ал биыл мамырда да картоп жеткізілді. Маусымда негізінен Өзбекстаннан және елдің оңтүстік облыстарында өскен өнім сатылады. Бірақ биыл Өзбекстан жаңа піскен көкөністер мен картопқа шекараны жапты.  Ал оңтүстіктегі қолайсыз ауа райы бұл өнімнің уақытында жиналуына кедергі болды. Бірақ осы өңірдегі шағын шаруашылықтардың өнімі сапалы, әрі ішкі нарықты қамти алады. «Егер елде ерте өнім алғысы келсе, сауда және интеграция министрлігі шағын шаруашылықтарды ұдайы бақылап, баға саясатын қатаңдатпауы тиіс», – дейді одақ басшысы. Оның айтуынша, жаңа піскен картоптың келісі 200 теңге болғаны орынды. Бұл бағаға тұқым, жанармай шығындары мен көкөністі қолмен жинайтын жұмысшы жалақысы кіреді. Ал «өнім тапшылығын болдырмау үшін, экспортты қысқартып, картоп алқаптарын көбейту керек» деген пікірлер негізсіз. Өйткені отандық көкөніс ішкі нарықты толық қамти алады. Бірақ саланы қыспақтап, еркін дамыту мүмкіндік бермесе, шағын шаруалардың кәсібі өрге кетеді» деп түйді Қайрат Бисетаев. 

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда картоп жеткілікті деп мәлімдеді. Ведомствоның ресми деректері бойынша, әлеуметтік маңызы бар өнім қоры 70 мың тоннадан асады. Қорда былтырғы жылы шыққан және жаңа егістің картоптары да бар. Нарықтағы тауарлардың жеткіліктіліне байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі ге жақын арада картоптың арзандауын болжайды.

Нарықтағы баға: 1 кг картоп

Қостанай ₸ 380

Петропавл ₸ 350 тг

Көкшетау ₸ 400₸   

Қызылорда ₸ 350тг

Талдықорған ₸ 370

Өскемен ₸ 440    

Нұр-Сұлтан ₸ 405

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: