Kyzylorda-news.kz. ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде қаржы ұйымдарында микрокредит ресімдеудің тәртібін түсіндіріп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қарыз алу үшін тұтынушы мынадай құжаттар мен мәліметтер береді: 

1. Микрокредитті пайдалану мақсаты туралы, өтініш берушінің микрокредитті өтеу және сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін берілетін, құны көрсетілген мүлік туралы не қамтамасыз етудің жоқ екені туралы мәліметтер көрсетілген өтініш.

2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, туылған күні, құжаттың нөмірі, құжатты берген орган, берілген күні және қолданыста болу мерзімі көрсетілген).

3. Өтініш беруші өкілінің микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттар (өтініш берушінің өкілі үшін).

4. Егер берілетін микрокредит кепіл мүлкімен қамтамасыз етілетін болса, онда кепіл туралы шарт, мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

5. Қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу үшін қажетті құжаттар мен ақпарат.

Тағы да оқыңыз: