Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Айнұр Үркімбаева «Facebook» парақшасында қызылордалық полицейлер мүмкіндігі шектеулі жанды «мазақ етті» деген тақырыпта жазба қалдырды.

Әңгімесін «Әкем Қызылорданың полицей қызметкерлеріне жем болыпты» деп бастаған ол әкесінің науқас екенін және өткен жылдың желтоқсан айында орын алған оқыс оқиға жайында баяндады.

«Әңгіменің басы 30-желтоқсаннан басталады. Сол күні әкем машинасын “столбқа” байқамай соғып алып, жақын маңдағы СТО-ға (костоправқа) машинасын алып барады. Ақшасын 105 мыңын төлеп, сеніп кетеді. Алайда СТО егесі әрі жөндеуші машинасының бамперін сатып жіберіпті. Ол жағдайға жынданған әкем сол СТО иесімен ұрысып қалады. Ал СТО иесі жауап ретінде, машина жөндеуден шығып жатқанда қасақана моторына құм құйып жіберген», – делінген жазбада.

Жазбада мәлім болғандай, машинаның ақауын байқаған әкесі тәртіп сақшыларына хабарласып, мән-жайды баяндаған. Алайда көлік иесі полицей қызметкерлерден қоқан-лоққы көргенге ұқсайды.

«Өзі ауру, мүгедек әкемді Қызылорданың полициейлері мазақ қылып, дәрісін ішкізбей, арызын қабылдамай, жыртып тастап, қоқан-лоққы көрсетіп «под диктовку» жаздырыпты. Ол арызын да шығып кеткен соң қабылдамай, жыртып тастапты. Мұны естіген мен-қызы, қалай отырайын?», – дейді жазба иесі.

Айнұр Үркімбаева бұл істің ақ-қарасы анықталғанын қалайды. Ол өз жазбасында бұл істе сыбайлас жемқорлық әрекеті бар деген күдігін де жасырмады.

Сонымен қатар жазба иесі өзінің сөзіне дәлел болар бірнеше суреттерді көпшілік назарына ұсынған.

Аталған мәселеге орай, Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне хабарласқан болатынбыз.

«14.02.2021 жылы Қызылорда қалалық Полиция Басқармасына 1965 жылы туған азамат арызданып онда, белгісіз адамның өзінің меншігіндегі “Хюндай аксент” маркалы автокөлігінің қозғалтқышына қасақана құм салып, салдарынан автокөліктің қозғалтқышы істен шығуына байланысты мүліктік шығын келтірген адамға заң аясында шара көруді сұраған. Аталған дерек бойынша, тексеру жүргізу барысында, белгісіз адамның іс-әрекетінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабының 1-бөлігінде (белгісіз адам бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру немесе жою) қаралған қылмыстық құқық бұзушылықтың белгісі болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің уақытылы тізіліміне тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікті адамдардан жауаптар алынып, тексерілуде. Қазіргі таңда, қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалары тағайындалып, аталған сараптамалардың қорытындысына сәйкес, қылмыстық іс бойынша процессуалды шешім қабылданады. Тексеру барысында қажеттілігі туындаған барлық тергеу әрекеттері уақтылы жүргізілуде», – деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: