Kyzylorda-news.kz. 21 сәуірде Қызылорда “қызыл аймаққа” енді. Коронавирусқа шалдығушылардың саны артты. Бұл өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда жоғары болып отыр.

Бұл жағдай одан әрі ушыға берсе облыстағы халыққа қызмет көрсету орталықтары алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетуге көшуі мүмкін. Бұл облыстың бас санитарының қаулысына сәйкес жүргізілетін болады. Сондықтан алдын ала брондау жүргізудің жолдарын білген абзал.

«Аталған шараға түсіністікпен қарауларыңызды және шұғыл қажеттіліксіз ХҚО-ға келмеулеріңізді сұраймыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамын eGov.kz порталынан және eGov mobile мобильдік қосымшасында алуға болатынын еске саламыз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев.

Алдын ала брондау өте оңай: egov.kz порталында, egov mobile қосымшасына, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты арқылы, сондай-ақ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, жеке деректерді, өңірді, ХҚО бөлімін, баратын күні мен уақытты көрсету қажет.

Тағы да оқыңыз: