Kyzylorda-news.kz. Суармалы егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етуде күрделі су тапшылығы жағдайы әлі де сақтаулы дейді Қазсушар РМК Қызылорда филиалының су шаруашылығы нысандарын пайдалану бөлімінің басшысы Айдос Асанбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Осы себепті, егістікке су жеткізіп беруде әсіресе Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарында қиыншылық туындап отыр. Сондықтан сол жаға магистралді каналы бойынша Жалағаш, Қармақшы аудандарында кезектілік кестесіне сәйкес су берілуде. Ал, Қазалыға Қараөзек арнасы арқылы 38 м/с су беріліп жатыр. Сонымен қатар, бүгінде су пайдаланушылар есебінен су деңгейі көтерілмейтін жерлерге облыс бойынша 37 дана насос қондырғысы жұмыс жасауда.

«Суармалы каналдарға қосымша су беру үшін Шиелі ауданына қарасты Жаңа Шиелі магистралді каналының жоғары сағасынан Қамыстықақ каналына насос қондырғысы арқылы сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жер жұмыстары толық аяқталды. Қазірде насос қондырғысы жеткізіліп, орнату жұмыстары жүруде. Қармақшы ауданындағы Батыс Қармақшы қашыртқысынан Құрайлы каналының ПК-309 бекеті тұсына қосымша су беру үшін де насос орнатылуда», – деді А.Асанбаев.

Тағы да оқыңыз: