Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының бас санитары Әлия Әбдіқайымова аймақта коронавирус індетінің көп таралуына байланысты жиын-тойларды, ойын-сауықты доғара тұру қажет екенін ескертеді. 

«Жаз мезгілінің аптап ыстығында халықты шектеуде ұстау мүмкін емес. Дегенмен шыдамдылық танытып оқшауланудың қарапайым ережелерін эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша ұстағанымыз жөн. Бүгінгі күрделі эпидемиологиялық ахуал әлі де болса мерекелік шараларды, жиын-тойларды, ойын-сауықтарды, топтасып қыдыруды доғара тұруды талап етеді», – деді Қызылорда облысының тауарлар мен көретілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының орынбасары, облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова.

Тағы да оқыңыз: