Kyzylorda-news.kz.  Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне байланысты облыс әкімінің орынбасарымен іс-шаралар жоспары бекітілді. Мереке аясында 250 мүгедектігі бар балаға Н.Бекежанов атындағы драма театрда тегін қойылым, мүгедектігі бар ересек адамға спектакль көрсетілді. Сонымен қатар, Облыс әкімі әлеуметтік қорғау жүйесі ардагерлерімен кездесті. Жүйесінің қалыптасып, көпсалалық, бірнеше деңгейлік ұлттық моделінің негізін салған ардагерлерді кәсіби меркесімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдукаримов баяндады.

-Бюджеттен тыс көздерден көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 8143 адамға 124,1 млн.теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. 50 отбасы тұрғын-үймен қамтамасыз етілді. Сондай- ақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген әлеуметтік қызметкерлерді тестілеуде 512 әлеуметтік қызметкер қатысып, оның 82,2 пайызы шекті көрсеткіштен жоғары балл жинады. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан Әлеуметтік қамсыздандыру кодексі әзірленуде. Кодексте әлеуметтік қызметкердің мәртебесі және олардың жалақысының кезең-кезеңімен арттырылуы қамтылатын болады» – , деді Мейрамбек Жақсылықұлы

Nur Otan партиясының “Өзгеру жолы: әрқайсысына лайықты өмір” сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес биыл арнайы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы жанынан мүгедек балаларға арналған 20 төсектік оңалту орталығы ашылды.Бүгінде, Ұлы Жеңістің 76 жылдығы мерекесіне 3756 Ұлы отан соғысына қатысушылары мен оларға теңестірілгендерге әлеуметтік көмек берілді.

100 жылдық тарихы бар әлеуметтік саланың қалыптасуына зор үлес қосқан апа-ағаларымыздың ізгілікті ізін бүгінгі күні білікті де білімді мамандар, сала үздіктері жалғастыруда.

Тағы да оқыңыз: