Kyzylorda-news.kz. Әлем чемпионатында күміс алқа иегері полиция лейтенанты Арайлым Оразбайды, Республикалық жауынгерлік қару атудан жеңімпаз атанған полиция подполковнигі Бақыткүл Самратова мен полиция майоры Руслан Даврушевті департамент бастығы Мұхтар Қожабаев қабылдап, жеңіс тұғырынан көрінген қызметкерлерді құттықтады.

Айта кетейік, Өзбекстан Республикасы, Наманган қаласында өткен «Белбеу» күресі бойынша Әлем чемпионатында 76 салмағында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция лейтенанты Оразбай Арайлым Бахытқызы II орын иеленген.

Ал, Тараз қаласында Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, арнайы құрылымдары қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыста әйелдер арасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция подполковнигі Самратова Бақыткүл Болатбекқызыменерлер арасында департаменттің Оқу-жаттығу взводының 1-санаттағы инспекторы полиция майоры Даврушев Руслан Рамизұлы III орынды  иеленген.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев Әлемдік және Республикалық деңгейде Қазақстанның және облысымыздың намысын қорғаған қызметкерлерді жеңістерімен құттықтап, қызметте абырой, отбасыларына амандық тіледі.

Тағы да оқыңыз: