Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жалағашта аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Әлем әйелдермен әдемі» атты аудандық әйелдер форумы өтті. 

Форумның алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет алып, әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылатынын атап өтті.

Форум барысында келешек ұрпақ тәрбиелеуде еңбектің ерен үлгісін көрсетіп жүрген бірқатар ақ жаулықты аналарымызға, «Алтын той» иегерлеріне, сала ардагерлеріне, көп балалы аналарға, қыз-келіншектерге, желтоқсан куәгерлеріне құрмет көрсетіліп, облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің, облыстық әйелдер кеңесінің алғыс хаттары табысталды. Марапат иелері Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің сыйлықтарымен марапатталды.

Форумға аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Ералы модераторлық жасады. Форум барысында облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Райкүл Байназарова, шаңырақ көтергендеріне 50 жыл болған «Алтын той» иелері Мәдениет ауылының Торғаевтар отбасы сөз сөйлеп, форумның маңыздылығына тоқталды.
 

15.jpg14.jpg13.jpg11.jpg

Тағы да оқыңыз: