Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында тікелей сайлау арқылы 40 ауылдық округте әкімдер сайланады.

Сайлау процесін байқау үшін «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы 300-ден астам тәуелсіз байқаушыны даярлауда.

«Елімізде тұңғыш рет ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтеді. Осы орайда сайлау процесінің ашықтығы мен  заңдылығын байқау үшін  елімізде «Партиялық емес байқау орталығы» құрылып, жұмысын жолға қоюда. Аталмыш орталық атынан біздің өңірімізде 300-ден астам байқаушы арнайы оқытудан өтті. Мақсатымыз – алдағы сайлаудың ашық, заңға сәйкес өтуіне өз үлесімізді қосу», – дейді «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Тұсмағамбетов.  

Жалпы Қазақстан бойынша бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлауы өтеді.  Партиялық емес бақылау орталығы Қазақстанның барлық өңірлерінде ресми тіркеуден өткен филиалдары арқылы  шамамен  1700 сайлау учаскесіндегі сайлау үдерісін бақылауды жоспарлап отыр.  Қазіргі кезде байқаушылар арнайы оқытудан өтіп, сайлау үдерістеріне қатысты білімін шыңдауда. Партиялық емес байқау орталығының   қызметі сайлауды, оның ішінде сайлау учаскелерінде байқау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне жүйелі түрде қатысуға бағытталған.

Тағы да оқыңыз: