Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 13 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарын «Сыр маржаны и К» ЖШС жүргізуде.

Қазалы ауданның әкімі Мұхтар Оразбаев ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Төремұрат жырау және О.Жанәділов көшелеріне барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Аудан басшысына Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Дархан Алпысбаев бюджеттен бөлінген қаржыға Төремұрат жырау, О.Жанәділов, Р.Сабырбаев, Қ.Пірімов, Әйтеке би, Бекарыстан би, Ғ.Мұратбаев, Үмбет би, Достық, Желтоқсан, Қарасақал Ерімбет, Я.Михайлюк, М.Шоқай көшелеріндегі 1964 шаршы метр автожолға ағымдағы жөндеу жұмыстары басталғанын жеткізді.

Аудан әкімі Дәулеткерей көшесін асфальттау жұмысымен де танысты. Ұзындығы 1,5 шақырым болатын көшенінің жөндеу жұмыстарын «Әбу Жүсіп» ЖШС жүргізуде.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларына Әйтеке би кентіндегі көшелерді жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: