Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төраға міндетін атқарушы Гүлмира Ысқақованың төрағалығымен «Қызылорда облысының адвокаттар алқасының адвокаттарымен көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік ету бойынша қабылданған сот актілері» және «Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

         Оған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Саламат Қалжанов қатысты.

         Кеңес барысында Гүлмира Ысқақова Қызылорда облысының адвокаттар алқасының адвокаттарымен көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік ету, жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы түсіндірді.

         Кеңес соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.

Тағы да оқыңыз: