Kyzylorda-news.kz. Партияның саяси кеңесінің мүшесі, кандидат Олжас Ордабаев партия жүргізген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының кейбір нәтижелері туралы хабарлады.
“Бүгінгі күні еліміздің барлық аймақтарында партия мүшелері халықпен 4216 кездесу өткізді, оларға 95 мың адам қатысты. Партияға мүше болуға 200 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл азаматтардың сенім білдіргенін, “ADAL” сайлауалды бағдарламасын қолдағанын білдіреді”, – деді Олжас Ордабаев.
Тұрғындар көтерген проблемалық мәселелер туралы айта отырып, ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелердің өзектілігін атап өтті.
«Көптеген адамдар үшін үйде газдың, тұрақты ауыз судың болуы – орындалмас арман», – деді кандидат.
Оның айтуынша, тұрғындардың елді мекендерінің негізгі проблемаларына жұмыссыздық, баспана жетіспеушілігі, азық-түлік бағасының өсуі және жолдың нашарлығы жатады.
«Әрбір проблемалық мәселе бекітіліп, ол бойынша жұмыс істеледі», – деп сендірді Олжас Ордабаев.
