Kyzylorda-news.kz. ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали өкілдер мен депутаттыққа кандидаттар арасында жалпы кездесу өткізді.

Кандидаттар партия төрағасына өңірлердегі үгіт-насихат жұмыстарының қорытындылары туралы айтып берді. Сонымен қатар, олар қалалар мен ауылдардың тұрғындарын алаңдататын ең көп кездесетін мәселелерді атап шықты.

«Өте ауқымды, маңызды және қажетті жұмыс жасалды, көптеген мәліметтер, тілектер мен ұсыныстар жиналды. Мен әрқайсыңызға осындай қиын сәтте белсенділік пен жұмысты адал орындағаныңыз үшін алғыс айтамын. Өзіңізге және денсаулығыңызға мұқият болыңыз, менің ойымша, бұл бүгінгі күннің ең маңызды басымдығы екендігі баршаға түсінікті болды. Барлығыңызға үміттеріңізді жоғалтпауға және біздің ортақ мақсатымызға табандылықпен ұмтылуға тілектеспін. Халық бізге сенеді, сондықтан оларға адал болып, уәделерімізді орындайық», – деді Серік Сұлтанғали.

Тағы да оқыңыз: