Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданындагаздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нәтижесінде тұрғын үйлердің 63,2 пайызы көгілдір отын игілігін көріп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев ажеткізді.
Өткен жылы Қазалы қаласы мен Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Басықара ауылдары көгілдір отынға қосылды. Ендігі кезекте Абай ауылын газдандыру жұмыстарын бастауға 41,153 млн.теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев ауылдарына көгілдір отын жеткізілмек. 5 ауылға магистральдық газ құбырын жеткізу үшін жеке кәсіпкердің демеушілігімен жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілді.
