Kyzylorda-news.kz Табысына байланысты атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімінен түсіп қалған отбасыларға демеушілер тарапынан көмек көрсетілуі керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Мәжіліс отырысында айтты.

«Жергілікті органдарға тапсырма берілген. Мұндай көмектен айрылып қалған отбасыларға жергілікті жерден демеушілердің көмектесуін қолдау керек», – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында 5,9 мың отбасыдан атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш қабылданғаны жөнінде жазған болатыныз.

Тағы да оқыңыз: