Kyzylorda-news.kz.  Қазгидромет 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялайды.

Республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, найзағаймен жаңбыр күтіледі. Батыста, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің тек қиыр солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде өрт қаупі жоғарлайды.

Тағы да оқыңыз: