1925 жылы Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді.

1931 жылы ақиық ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері МАҚАТАЕВ Мұқағали дүниеге келді.

1935 жылы Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті төралқасы Республиканың негізгі ұлтының атауын орыс тілінде «казахи», ал республика атауын «Казахстан» деп жазу жөнінде қаулы етті. Мұнан бұрын «казаки», «Казакстан» деп жазылатын. 1985 жылы Қазақстан жазушылар одағы Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықты бекітті.

1938 жылы Қызылорда облыстық тұтынушылар қоғамы құрылды.

1983 жылы Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі Сарыөзек көшесіне халық ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуовтің есімі берілді.

1994 жылы Қызылорда қаласындағы Пионерская көшесіне Тоғанас батырдың есімі берілді.

2000 жылы Мұқағали Мақатаевтың «Аманат» таңдаулы өлеңдер жинағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.

2011 жылы Қызылорда көшелерінің біріне қоғам қайраткері Қозытай Әбуовтың есімі берілді.

2015 жылы ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев жастардың мемлекет және қоғам өміріне белсенді қатысуын, олардың әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз етуге, жастар саясатын іске асыруда мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев «Сотталған тұлғаларды қайтару туралы Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Тағы да оқыңыз: