Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 9-11 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.
«Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен атмосфералық фронттар бірінен кейін бірі Қазақстан аумағы арқылы өтіп, өзімен бірге дымқыл және жылы ауа массаларын алып келеді. Сондықтан жауын-шашынға қарамастан, республикада қатты аяздар күтілмейді. Күн қысқа мерзімге суытып, кейін көп ұзамай солтүстік-батыстық тропосфералық ағымдар оңтүстік-батысқа ауысып, ауа температурасы қайта жоғарылайды. Осыған орай, Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ және көру мүмкіндігі 500 метрден аспайтын тұман сақталады», – делінген синоптиктердің ақпаратында.