1864 жылы Торғай даласында қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп ашылды. Ыбырай Алтынсарин осы оқиғаға байланысты қуанышын Н.Ильминскийге жазған хатында бөлісті.

1963 жылы қаңтардың 8-9-ы Қазақстан Кинематографистер одағының бірінші құрылтай съезі өтті. Онда аталмыш одақтың бірінші хатшысы болып Шәкен Кенжетайұлы Айманов сайланды.

1992 жылы Жезқазғанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров атындағы оқушылар сарайы ашылды.

1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жамбыл қаласының аты Тараз болып өзгертілді. Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдың ортасында Қытай деректерінде сақталған қаланың тарихи атауы қайтарылды.

2007 жылы Парижде Мұстафа Шоқай атындағы қазақ-француз достығының қоғамы ашылды.

Тағы да оқыңыз: