Kyzylorda-news.kz.  Синоптиктер 8 сәуір күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

ҚР басым бөлігінен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашын жаумайды.

Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерде жел екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Тағы да оқыңыз: