1924 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің төртінші бетінде аптасына бір рет шығатын жастар беті ашылды. «Лениншіл жас» деп аталатын осы беттің редакторы Е.Алдоңғаров болды. 1925 жылдан бастап «Жас қайрат» атты дербес газет болып шықты.

2005 жылы Қазақстанда бірінші Халықаралық арбитражды сот ашылды. Ашылуына себепкер болған 2004 жылы желтоқсанның 28-інде қабылданған Қазақстан Республикасының «Аралық соттар туралы» және « Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» заңдары. Қазақстандық халықаралық арбитраж (ҚХА) – тұрақты қызмет ететін арбитражды институт, ол келіскен жағдайда пайда болатын дауды қарастырады.

2006 жылы Қазақстанда «Құрметті машина жасаушы» белгісі белгіленіп, ол ҚР Индустрия және сауда министрінің атынан берілетін болды.

2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ГФР сапары кезінде Берлиндегі Қазақстан елшілігінің жаңа әкімшілік ғимаратында болды. Ғимарат қазақтың киіз үйінің жабдықтарымен безендірілген.

2013 жылы алғаш рет Ш.Айманов атындағы Қазақфильмнің туындысы, Э.Байғазиннің «Уроки гармонии» фильмі Берлинале байқауына қатысты.

Тағы да оқыңыз: