Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың жұмыс сапасын бақылады.

Биыл Шиелі ауданы бойынша “Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы”бағдарламасы аясында 21 жоба әлеуметтік-мәдени обьектілері, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық обьектілері және инженерлік көлік инфрақұрылымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жол картасы аясында 751 жұмыс орны ашылып, оның 50%- ы яғни 378-і жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізіледі.

Аудан басшысы жобаларды аралау барысында Төңкеріс ауылындағы №158 орта мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасын көрді. Мектептің жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме “Астана Сервис LTD” ЖШС жүргізуде.

Тағы да оқыңыз: