Kyzylorda-news.kz. Жалағашта қараусыз жайылған мал иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тұрып жатқан өлкенің тазалығы алдымен өзімізге байланысты. Сондықтан оған баршамыз жауапкершілікпен қарағанымыз жөн.

Жалағаш кентінде көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Десе де кейбір тұрғындар тарапынан тазалыққа немқұрайлық танытып жүргендері де бар. Қазіргі таңда кентте қараусыз жайылған малдарға күнделікті рейд жүргізіліп, мал иелері анықталуда.

Жүргізілген бақылау жұмыстары барысында Жалағаш кентіндегі М.Шәменов көшесі №93 үйдің тұрғыны Әділжан Зиядиновке Жалағаш кенті әкімі аппараты арқылы хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Егер бұл жағдай тағы қайталанса айыппұл көлемі екі есеге өсетін болады. Аудан әкімдігі кент тұрғындарына малдың қараусыз жайылуына жол бермеуге, тазалықты сақтауға шақырады.

Тағы да оқыңыз: