7 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

7 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

07.01.2020, 8:30

569 0

Православиелік Рождество мерекесі

Рождество мерекесі – христиандардың басты мерекелерінің бірі. Бұл мереке Иисус Христостың Вифлеемде дүниеге келуі құрметіне орай атап өтіледі. Рождествоны католиктер 25 желтоқсанда, ал православтар 7 қаңтарда тойлайды.

Дзиндзицу

Жапон халқының дәстүрлі мерекесі, жаңажылдық мерекелердің бөлігі саналатын жыл мезгілдерінің ауысуы мерекесі (госэкку), сонымен бірге Жеті шөп мерекесі (Нанакуса-но сэкку) деп танымал. Дзиндзицудың басты атрибуты – «императордың жеті бақытты шөбі» (нанакуса). Нанымға сәйкес, бұл шөптер адамдарға денсаулық сыйлайды.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қоймасына асыл металлдардың бiрiншi партиясы – «төрт тоғыздық» және 2 күмiстік сапасымен 5 алтын кесек қабылданды. Мемлекеттік құндылықтар қоймасының тарихы 1991 жылғы 31 тамызда Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ ССР алтын валюталы және алмас қорын жасау туралы» Жарлығынан бастау алады.

1992 жылы Француз Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.

2006 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны бекітілді.

Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік Гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.

0

Пікір қалдыру