Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 7 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең Қазақстанның батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республиканың басқа аймақтарында жауын-шашын жаумайды.

Республиканың солтүстігі мен оңтүстік-батысында жел күшейеді, солтүстік-батысында тұман болады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды, Ақмола облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: