*Kyzylorda-news.kz. Қазақстан территориясының басым бөлігінде фронталды бөліктің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.*

Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Тек еліміздің батысы және солтүстігі антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауылмен бірге күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-21 м/с жетеді. Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік күтіледі.

Тағы да оқыңыз: