Kyzylorda-news.kz. Тасмағамбетов 2017 жылдың ақпан айында елші қызметіне тағайындалған болатын.

Иманғали Тасмағамбетов Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметінен кетпек. Бұл туралы Telegram-ға саясаттанушы Ербол Еділов жазды.

«Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен кетеді. Зейнет жасына келуіне байланысты демалысқа шығады», – делінген жазбада.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов 9 желтоқсан күні 63 жасқа толды. Ол 1956 жылы  Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. 

Тасмағамбетов 2017 жылдың ақпан айында елші қызметіне тағайындалған болатын.

Тағы да оқыңыз: