Қазақстан Республикасында прокуратура органдарының құрылған күні

1991 жылы 6 желтоқсанда «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың еркіндігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулысы қабылданған. Осыған орай күнтізбеде жаңа мереке пайда болды.

1944 жылы Алматыда Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты қызметін бастады. Институт – тау-кен өндірісін ғылыми-техникалық қамтамасыз ететін Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен ғылыми-өндірістік орталықтардың бірі.

1971 жылы Қазақстанда тұңғыш рет Ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Алматы қаласында құрылды.

2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясына келіп, ақпарат агенттігінің 85 жылдық мерейтойына орай қызметкерлер мен ардагерлерді құттықтады. Президент «ҚазТАГ-қа – 85 жыл: тарих шежіресі» фотокөрмесін тамашалап, ақпарат агенттігінің шығармашылық жұмысымен және техникалық қызметімен танысты.

2014 жылы Халықаралық банкнота қоғамдастығы (International Bank Note Society, IBNS) номиналы 1000 теңгелік «Күлтегін» естелік банкнотасын үздік банкнота деп таныды.

«Күлтегінге» АҚШ-тың 100 доллары, 5 еуро, 10 Канада доллары, 100 рубль, 5 Бразилия реалы, 5 Ливия динары, сондай-ақ Исландия, Ливан, Соломон аралдары, Барбадос, Фиджи валюталары қарсылас болған еді.

Тағы да оқыңыз: