2006 жылдан бастап шілденің 6-сы Қазақстанда елорда күні ретінде тойланып келеді.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Орал, Целиноград, Шымкент облыстарының және Целиноград қалаларының тарихи атауларын қалпына келтіру туралы» қаулысы қабылданды.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президенттің ел астанасын Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшіру жөніндегі ұсынысын мақұлдау жөнінде қаулы қабылдады. Арада төрт жыл өткеннен кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш астанасының тұсаукесері болып өтті.
1998 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияға қол қойылды.
2000 жылы Елордада Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры ашылды.
2009 жылы Құмкөл даласында «Торғай Петролеум» мұнай компаниясының күшімен сұйытылған газ дайындайтын зауыт іске қосылды.
2012 жылы Нұр-Сұлтанда «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылды.