6 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

6 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

06.02.2020, 8:30

555 0

1920 жылы Түркістан майданы революциялық әскери кеңесінің бұйрығына сәйкес жеке қазақ әскери бригадасы ұйымдастырылды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметі құрылды.

2003 жылы Лондонда тәуелсіз Қазақстанның кинематографиясына арналған фестиваль ашылды.

2008 жылы Интернетте Қазақстан туралы иран тілінде хабар тарататын алғашқы www.yousefpiltan.blogf.com сайты ашылды.

2010 жылы Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшілігінің резиденциясында Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлы туралы «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері болды.

2011 жылы Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарында жеңіп алынған алтын медаль саны бойынша рекорд орнатты.   

2015 жылы ҚР Ұлттық банкі естелік күміс монеталары: «Ұлы қолбасшылар» топтамасынан «Әмір Темір», «Дала қазынасы» топтамасынан «Тайқазан» және «Шәкен Айманов» монеталарының шығарылуы туралы хабарлады.

2017 жылы Астанада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Ресей, Иран, Түркиядан келген сарапшылардың, сондай-ақ БҰҰ өкілдерінің қатысуымен үшжақты халықаралық кездесу өтті.