Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлер) күні

Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні 1985 жылғы желтоқсанның 17-дегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 40-сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі.

1973 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында республиканың археологиялық материалдарын сақтау және ғылыми зерттеу нысаны ретінде елдің ең көне мұражайларының бірі – Археология музейі ашылды. 2010 жылы музей «Ғылым ордасы» ғылыми кешенінің құрамына кірген.

1994 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңеске мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының кездесуіне қатысу үшін Венгр Республикасына ресми сапар шекті. Будапешт қаласында әлемнің ядролық державалары – Ресей, АҚШ, Ұлыбритания басшылары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға және стратегиялық қарулы қақтығысты шектеу туралы келісім жөніндегі бекіту қағаздарын алмасу туралы құжатқа қол қойды.

2000 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Айдосов Абылай Хангерейұлына «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

2011 жылы Астана кардиохирургия орталығынан жасанды жүрек салынған алғашқы пациент шықты.

2011 жылы Қазақстанның пошта айналымына ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Атаулы, мерейтойлық күндер және мерекелер» сериясындағы ескерткіш көркемсурет маркасы айналымға шықты.

Тағы да оқыңыз: