Беларусь әлеуметтiк қорғау қызметкерлерiнiң күні

1998 жылдың 26 наурызында Беларусь Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекітілген. Жыл сайын аталып өтедi.

1993 жылы «Ұлттық тест орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды. ҰТО-ның басты қызметі – Қазақстанның білім беру жүйесіне мониторинг жасау және барлық түрдегі сыртқы емтихандарды ұйымдастыру және өткізу, тест тапсырмаларының базасын құрастыру.

 1998 жылы Түрікменстанның астанасында ТМД-ға кіретін ортаазиялық бес мемлекеттің – Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшылары кездесті.

2006 жылы даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының мерейтойы құрметіне, батырдың туған жері – Жамбыл облысында «Баукең туралы толғаныстар» деп аталатын публицистикалық очерктер мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Бұл жинаққа Қасым Қайсенов, Шерхан Мұртаза, Әзілхан Нұршайықов сынды танымал жазушылар мен әр жылдары атақты жерлестерімен кездескен жамбылдық авторлар – Елен Әлімжанов, Әлдихан Қалдыбаев, Мақұлбек Рысдәулет және тағы басқалардың туындылары жинақталған

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден қызметіндегi ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы Шанхай ұйымына мүше-мемлекеттер үкiметтері арасындағы Келiсiмдi ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Тағы да оқыңыз: