1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы» қаулысы жарық көрді.

1996 жылы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы театрға Ш. Құсайыновтың есімі берілді. Театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі, бас директоры – М. Оспанов.

2018 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» ұсынды. Мемлекет басшысы халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды алға тартты. Бұл бастамалар: Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру; Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту; Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту; Шағын несие беруді көбейту; Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру.

Тағы да оқыңыз: