Kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ведомствоға 42 500 теңгеге қатысты айтылған сынға жауап берді. Ол өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жазба 42500 теңге алғаны үшін “соттайды екен” деген ақпарат туралы.

Министрдің айтуынша, біраз заңгер алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік бар екені туралы мақала, не жазбалар жазып жүр. Барлығының көтерген мәселесі 42500 теңгеге қатысты.

“Заңгерлер болған соң заңды бізден артық біледі ғой. Олардікі дұрыс та шығар, бірақ бұл тек алаяқтарға қатысты. Сіз ондай емессіз ғой. Сіз ешкімді алдаған жоқсыз. Мен брифингтерімде, жазбаларымда айтқандай, өздеріңіз үшін – “мен жұмыс, тіршілік жасап (ресми, бейресми), ақша тауып жүр едім, енді төтенше жағдайға қатысты сол табыстан айырылдым” деп шештіңіздер ма? Кейін, мен ескерткендей, өтініш бергенде порталда төмендегі жазбаны тағыда оқып, растап, сөйтіп барып өтінішті жібердіңіз ба? Ондай болса – Сіз айттыңыз, біз сендік. Сіз алдаған жоқсыз. Біз тағайындадық, төледік. Сол үшін кінәлайды деп еш уайымдамаңыздар”, – дейді Біржан Нұрымбетов.

Ведомство басшысы барлығы дәл ол айтқандай орындалса, үйді аралап ешкім тексермейтінін айтты.

“Бұл қайдан шыққан әңгіме дейсіздер ғой. Соңғы брифингте, бір жүрналист маған – мен жұмыс істеп, тұрақты жалақы алып жүрген адам 42500 теңге алғанын білемін, оны қалай өткізіп алдыңыз деп сұрады. Мен оған, біз өтініш беру тәртібін, халықтың сұрауы, талабы бойынша барынша қарапайымдаттық, жұмыс беруші өтінішінде қызметкерлерімді ақысыз демалысқа жібердім деп көрсетті, біз оған сендік. Ал олай болмаса, жұмыс беруші жауап береді, оны біз кейін тексеріп аламыз деп жауап қайтардым. Брифингті көргендер растайтын шығар. Жалпы дұрыс емес пе? Артынша екінші сұраққа, өтініш берген халықты, үйлерін аралап тексермейміз дедім. “Сіз айттыңыз, біз сендік. 42500 алдыңыз ба, жаратыңыз” дедім. Солай болады”, – дейді ол.

“Сондықтан, осы жағдайда, өзіңіз үшін тағыда шешіп алыңыз – мен 42500 теңгені алдап алдым ба, жоқ па деп. Әрине жоқ. Олай болса Сіз ешқандай жауапкершілікке ешқашан тартылмаймыз. Халық 42500-ге өтініштерін еріккеннен беріп отырған жоқ. Төтенше жағдай болмасада басым халықтың табысы аз. Жалақы төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес. Сондықтан біз қарапайым таза халықты артынша тексеріп жатпаймыз. Аман болыңыздар, өзіңізді, жақындарыңызды мына індеттен сақтаңыздар!”, – деп сөзін аяқтады Біржан Нұрымбетов.

Тағы да оқыңыз: