1932 жылы қазақ зиялылары – Ғ.Мүсірепов, М. Ғатаулин, Е. Алтынбеков, М. Дәулетқалиев, Қ. Қуанышев БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф. Голощкинге хат (бесеудің хаты) жолдады. Бастапқыда хат И. Сталинге арнап жазылған болатын.

1969 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кездейсоқ жағдайда «Ақбақай» алтын кен орны ашылды. Танымал қазақстандық геолог, Мойынқұм тумасы Дүйсенәлиев туған жерінде жүріп, сарышұнақтың інінен сары түсті тасты байқап қалды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігіне және Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа мүшелікке өтті.

1996 жылы Қытай Халық Республикасының бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминь тұңғыш ресми сапармен Қазақстанға келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы бірлескен декларацияға қол қойылды.

1999 жылы Байқоңыр ғарыш айлағында зымыранның жоғары сатысы «Бриз-М» жүрдек блогы бар «Протон» ауыр зымыранының бірінші ұшырылуы өтті.

2011 жылы елдің Ұлттық банкі құны 10 000 теңгелік естелік банкнотын айналымға шығарды.

2014 жылы Алматыда физика-математика бағытындағы бірінші Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды.

2015 жылы Түркиядағы Қазақстан елшілігінде «Экоевразия» түрік экономикалық қоғамдастығының қауымдастығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірлік интеграция және халықтар достастығының дамуына қосқан үлесі үшін «Еуразияның жыл адамы» марапаты берілетіндігін хабарлады.

Тағы да оқыңыз: