Kyzylorda-news.kz. Дүйсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де солтүстік антициклон жотасы ықпал етеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батыс, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болып, оңтүстігінде жел күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Алматы облысының кей жерлеріне тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау, Ақтөбе, Манғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Түнде Алматы облысының басым бөлігінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз, Алматы облысының кей жерлерінде өте қатты аяз болады.

Тағы да оқыңыз: