Халықаралық Брайль күні

1809 жылы француз тифлопедагогі Луи Брайль дүниеге келген. Ол зағиптарға арналған бедерлі-нүктелі шрифт ойлап тапты.

Ньютон күні

Бұл күнді атақты ағылшын ғалымы Исаак Ньютонның туған күнінде жаратылыстану ғылымдарының зерттеушілері, ғалымдар, студенттер, сондай-ақ ғылыми тәжірибе жасағанды жақсы көретін әуесқойлар жыл сайын атап өтеді. И. Ньютон ойлап тапқан бүкіләлемдік тартылыс заңы мен механиканың үш заңы классикалық механиканың негізін қалады.

1907 жылы Орынборда татар тілінде «Орал» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 4 қаңтар – 27 сәуір аралығында 31 саны шықты. Газет большевиктік бағыт ұстанып, әлеуметтік-саяси мәселелерді көтерді. Ресей өкіметіне «Ашық хат» жариялады. Онда қазақ еңбекшілерінің атамекенінен көшіріліп, құнарлы жерлерінен айырылып жатқаны жазылып, Екінші Мемлекеттік Думадан жер мәселесін әділ шешуді талап етті.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Арыс стансасынан Шу стансасы арқылы өтетiн темiр жолдың 582-километрлiк электрлендiрiлген трансазиялық бөлiмшесiнің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2001 жылы Қызылорда қаласындағы Абай тұйығына жазушы-журналист Ұзақ Бағаевтың есімі берілді.

2001 жылы Пролетарский көшесіне Бодыбай Құлтекеновтің есімі берілді.

2013 жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мақсаты – электронды түрде немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндігін құқықтық бекіту, сондай-ақ электронды түрдегі аталған қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру.

Тағы да оқыңыз: