Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

«Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ» (UICC) жариялаған. Бұл халықаралық күннің мақсаты – обырдың қазіргі замандағы ең қауіпті аурулардың бірі екендігі туралы жұртшылықты хабардар ету, сондай-ақ осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге қоғамның назарын аудару.

Халықаралық зорлыққа қарсы күрес күні

Бұл күн 1985 жылдан бері аталып келеді. Адамды азаптаудың түрлері сан алуан болып есептеледі.

1854 жылы Кіші Алматы өзенінің жағасында, көне Алматы қонысының маңында Заилийский әскери бекінісі салынып, кейін оның аты Верный деп өзгертілді. 1867 жылы қала Жетісу облысының әкімшілік орталығына айналды. 1921 жылы қалаға байырғы Алматы атауы қайтарылды. 1927 жылдан қала Қазақ АКСР-інің, 1936 жылдан Қазақ КСР-інің, 1991-1997 жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болды. 2016 жылы Алматы 1000 жылдық мерейтойын атап өтті.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттама қабылданды.

1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Мальта Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1993 жылы республиканың мұнай-газ саласындағы бірінші бірлескен кәсіпорын – «ҚазақТүрікМұнай» қазақстандық-түрік кәсіпорны құрылды.

Тағы да оқыңыз: