Kyzylorda-news.kz. 31 желтоқсанда кең ауқымды, суық антициклон Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек батыс және оңтүстік аудандарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууына ықпал етеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде тұман түсіп, Алакөл маңында желдің күші 18-23 м/с-қа жетеді.

Қызыолрда облысының солтүстігінде тұман түсіп, түнде орталығында желдің секундына күші 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метр болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, түнде оңтүстігінде жел күшейеді, күші 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының тау және таулы аймақтарында, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қостанай облысының шығысында тұман түсуі ықтимал.

Тағы да оқыңыз: