**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** **31 қаңтар күні Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.** Республиканың тек батысы атмосфералық фронттардың әсерінде болатындықтан жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста желдің күшеюі және жаяу бұрқасын сақталады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің жекелеген өңірлерінде тұман сақталады. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпіндегі жел және жаяу бұрқасын болжанады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында желдің күші 18 м/с артатыны күтіледі.