30 желтоқсан: Ел тарихында орын алған оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

30 желтоқсан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

30.12.2019, 8:30

283 0

1995 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауылында Қазыбек биге ескерткіш орнатылды.

1999 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында жазушы Ілияс Есенберлиннің мұражай-үйі ашылып, қаламгер тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы Заңға сәйкес, мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні және Православ Рождество мерекесі демалыс күндері болып бекітілді.

2011 жылы Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған фотоальбом жарыққа шықты. Фотоальбом отбасылық мұрағат материалдарын пайдаланған эксклюзивті басылым болды.


2015 жылы Мемлекет басшысы «Қазпоштаның» «Аяз Атаға хат жаз» жобасын қолдады, оның аясында ниет білдірушілер балалар жазған хаттардың ішінен бірін таңдап, оның арманын орындайды. Нұрсұлтан Әбішұлы БҚО-дан хат жолдаған Виктория Харлашинаның арманын орындады. Виктория «Doh Vinci» шығармашылығы үшін керек-жарақ сыйлауды сұраған еді. Президент те сурет салғанды жақсы көреді, сондықтан қыз баланың арманын қуана орындады.

2017 жылы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесі беріліп, оның даму бағдарламасы бекітілді.

0

Пікір қалдыру